Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Салт-дәстүр – ел айнасы
19-04-2011 11:29
Салт-дәстүр – ел айнасы

            Халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы дегеніміз – өмір заңдылығы. Қазақ халқының да ертеден келе жатқан салт-дәстүрлері өте көп. Олар заман талабына сай жаңашаланып, көріктеніп келеді. Жылда наурыз мерекесінде әдет-ғұрытқа көбірек көңіл бөлінеді. Биыл біздің мектебіміз ауласында наурыз мерекесі мөлтек аудан тұрғындарымен біргелікте атап өтілді.  Сонда сүйікті әжелеріміздің  «Ұршық иіру» сайысы болды. Өнерін ортаға салмақ болған әжелеріміз азғана уақыт аралығында жүннен жіп иіргенін көріп өте қызықтым. Мамаларымыздың айтуы бойынша қазақта жіп иірмейтін, ою ойып, сырмақ тікпейтін жан кемде-кем болған деседі. Бұл таңданатын қолөнер емес пе? Мектепте еңбек сабағында мұғалімдеріміз бізге мүмкіндігінше қазақ қолөнеріне баулуға әрекет жасайды. Бұл нағыз өнер иесі болу үшін аз мүмкіндік. Сондықтан қолымызға ине-жіп ұстап, әжелеріміздің  мұрасын жалғастыруымыз қажет секілді. Әлі де Оңтүстік өңірлерінде жазда киіз басып, алаша тоқу дәстүрден қалмаған дейді. Менің шын мәнінде киізге ою салып, басқанын өз көзіммен көргім келеді.

Ұлжан УРКУМБАЕВА,

9 «а» сынып оқушысы.