Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
...Нағыз қазақ домбыра
19-04-2011 11:31
...Нағыз қазақ домбыра

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр толғап ғасырлардан жөнелерсің

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе,-

деп ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, қасиетті домбыраның халқымыз үшін орны ерекше. Қазақты өзге ұлттардан ерекшелеп тұратыны- ұлттық музыканың болуы. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы –домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыр. Ілгеріде домбырасыз қазақ үйі болмаған, домбыра шертуді білмейтін қазақ баласы болмаған.

            Қазақтың лирик әрі эпик  ақыны Ілияс Жансүгіров өнерлі жанұяда өсіп, мейірімі қанғанша сусындаған.

Оның «Әнші», «Күйші», «Күй» шығармалары  өнерге арналған бірегей туындылар.  Мұнда ақын қазақтың ән, музыка өнерін асқақтата жырлаған, он  саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің құдіретін жыр өрнегімен асқан шеберлікпен суреттеген. Ақын күй сазын өрнектегенде бәйге атындай көсіле тартады., күй өрлей, қияға шырқай береді. Халқымыздың күй өнері жайлы «алтын жүрек домбырадан... ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамылжытып», он саусағы домбыра пернелерінде ойнаған тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. Бұл қазақ өнеріне деген құрметтің бір бөлшегі ғана. Мен қазақ халқын тек домбырасымен бірге, тұтасқан түрде ғана көре аламын. Сол үшін жүрегімді мақтаныш сезімі кернейді.

Маржан Альмухамбетова,

9 «в» сынып оқушысы.