«Болашақ архитектурасы» атты тақырыпта 8 сыныптар арасында дебат өтті.
Мақсаты: Өнер туындыларымен таныстыра отырып, сәулет, діни сәулет өнері, бейнелеу және мүсін, қолданбалы өнер туралы, архитектура түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, ойын еркін айта білуге, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: VI-IX ғасырлардағы өнер туралы түсінік қалыптастыра отырып, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу. Мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақ тәрбиелеу.