Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» онлайн лекциясы
07-09-2012 12:24

2012 жылы 05 қыркүйек күні мектебіміздің оқушылар және ұстаздар ұжымы «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Елбасының «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты сабағын тыңдады. Жалпы бұл сабақ оқущылар және ұстаздар қауымына қатты ұнады және көптеген келелі мәселелер бойынша нақты анықтама алды. Әсіресе білім саласы бойынша Елбасы айтқан нақты қадамдардың қазіргі күннің өзінде жүзеге аса бастағаны белгілі. Осы басым бағыттар Қазақстанның әлемдік білім кеңістігінде өзіндік орын алуына зор ықпал жасайтыны сөзсіз. Сонымен қатар ұлттық білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу талабы нақты мысалдармен көрсетілді.Тарқата айтсақ 12-жылдық білім беру жүйесін енгізу, осыған байланысты 2014 жылға дейін 522 мектеп салынатыны жақсы жаңалық. Нақты істің бірі мектепке дейінгі білім берудегі «Балапан» бағдарламасы негізіндегі шағын орталықтар 3,5 есеге өскен. 20 Тұңғыш Президенттің интелектуалды мектебінің біразы өзі жұмысын істеп жатқан болса қалғаны да алдағы уақытта іске қосылады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша қабылданғаннан бастап әлемнің 32 елінде 8529 тәлімгер білім алып, алды қызметке кіріскен. ЖалпыламаЕлбасы еліміздің білім жүйесінің алдағы уақыттағы даму жолын нақты бағыттармен айқындап берді. Ендігі міндет білім саласындағы қызметкерлердің соны жүзеге асыру.

Сонымен қатар Елбасы еліміздің өткен 20 жылдағы даму жолына баға бере отырып келешектегі индустриялық даму жолына да тоқталды. Әсіресе ІІІ индустриялдық революция жайында айтқаны ерекше жағдай екені белгілі. Қазіргі кезде Қазақстан жалпы ішкі өнімді жан басына шаққанда 13000$ көлемінде болғаны, Түркия, Малайзия елдерімен иық теңестіріп тұрғаны көп жайтты аңғартқандай.

       Сабақта айтылмай қалған жайттар жоқ десе де болғандай: спорт, денсаулық жастар саясаты т.б. мәселелер молынан қамтылды. Соңында Қазақстаннан және алыс шетелден оқушылар, студенттер сұрақ қойып, нақты жауабын алды. Мектебімізде де оқушылар, ұстаздар өзі ойларын ортаға салды.

          

    Павлодар қаласындағы №19 жалпы орта мектебінің ұжымы