Міне, көптен күткен оқу жылы, 1 қыркүйек - Білім күні де жетті. Жаз бойы демалып, үлкен сағынышпен келген оқушыларды, мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерді біздің ұстаздар қауымы құшақ жая қарсы алды. Сол кездегі оқушылар мен ұстаздардың және ата-аналардың қуаныш сезімдерін, сағыныштарын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Білім күні, алғашқы оқу жылы, мерекелік концертпен ашылып, директорымыз Төлеген Кәкімұлы сөз сөйлеп, барлық қауымды оқу жылымен құттықтап, сәттілік пен қажымас қайрат тіледі. Алғашқы қоңырау соғылып, келесі сынып сағатына ауысты.
30 тамыз - Конституция күні. Міне, осы күнде аталып өтті. Әрбір сыныпта "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық қуаныш" атты тақырыпта сынып сағаты өтіп, оқушыларға рәміздер, еліміздің үмітін ақтаған толағайлар жайында толық мағлұмат берілді.
Баршаңызға 2012-2013 оқу жылы сәтті де табысты болсын!