Көктемде
Көктемде
Бұл табиғат көктемде
Кетеді ғой құлпырып.
Еңіс, ойпаң , бөктерге
Жайқалады гүл тұнып.
Аспаннан төгіледі,
Жерге шипа жаңбыры.
Көңіліңді өсіреді
Қырдың майса шалғыны.
Алма, өріктер гүл жарады.
Сосын гүлге оранар
Әнге бөлеп кең даланы
Әнші құстар оралар.
Табиғат
Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнана айналдым туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы суы балдай.
Көз жетпес жинаулы әсем жасауына
Шипалы жақсы жер ғой жасаруға.
Не жетсін, шіркін , бірақ өз өлкеңе,
Не жетсін туып өскен ошағыңа!
Кенес АЙГЕРІМ, 5 «б» сынып оқушысы.