Мамыр айы мерекемен басталды.
1-Мамыр күні мектебіміздің 12 оқушысы "Жас ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылданды. Тәуелсіздік монументі жанында өткізілген салтанатты жиынға қонақтар шақырылып, құттықтау сөз сөйледі де, оқушыларға галстук байлап, белгішелер тақты.
7-мамырда Отан қорғаушылар мерекесіне орай өткізілген "Ұраны бар елдің ұланы бар" атты 9-сыныптардың ұйымдастыруымен жиын болып өтті. Отан қорғаушылар, Жеңіс күніне арналған әндер мен өлеңдер айтылып, би билейді. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздарымыз да қатысты. Ең соңында жиын мерекелік дастарханмен ұласты.