Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жабырқау көңілдерге - жан жылуын төккен аяулы жандар» атты «Қамқоршы күні» мерекесі өткізілді.
02-11-2012 08:36
«Жабырқау көңілдерге - жан жылуын төккен аяулы жандар» атты «Қамқоршы күні» мерекесі өткізілді.

 

Республикалық Қамқоршы күніне орай, Павлодарқаласы, №19 жалпы орта мектептің мәжіліс залында  29 қазаны күні жетім балаларды асырап алған жанұялар мен жетім балалар үшін «Жабырқау көңілдерге - жан жылуын төккен аяулы жандар» атты акция өткізілді.

«Қамқоршы күні» мейрамын өткізу жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап отырған жанұялар үшін Қазақстан тарихындағы алғашқы қайырымдылық шара болып табылады. Мектебімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 оқушы бар.

Шараның мақсаты бөтен бала мен бөтен қайғы жоқ деп ойлайтын адамдарға қуаныш сыйлау және көңілдерін көтеру.

Бұл шараға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды асырап отырған қамқоршылар  және Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Қызыл-Ай» комитеті филиалының төрайымы Индира Зулбухаровна шақырылды. Сонымен қатар қамқоршылар қамқорлығындағы баланың тәрбиесіне, оқуына, оның қоғамдық пайдалы еңбекке даярлығын қамтамасыз етуде көрсетіп отырған игілікті қызметтері үшін мектеп оқушылары өз қолдарымен жасалған бұйымдар мен мектеп директоры Төлеген Кәкімұлы Нугербаев Алғыс хатпен марапаттап, қамқоршыларға сыйлық ұсынылды.

        Қамқоршылар өз кезектерінде мерекені ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.