"Екі жұлдыз" әлеуметтік-педагогикалық жоба
Сайыстың бірінші кезеңінде жұптар өздерін таныстырып, электронды презентациясын әзірлеп көрсетті. Жұптар өздерін таныстыруда өлең, әнмен көркемдеген. 5,6 сыныптардың өз параллельдерінің қолдаушылары сахнаға шығып қолдауларын көрсетіп жатты.
Жұптар үлкен жауапкершілікпен сайысқа дайындалған, қатысушы оқушылардың ата-аналары да балалардың өнеріне тәнті болды.
Сынып параллельдері өз жұптарына залдан үлкен қолдау көрсетіп отырды.