Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"ҚР Қылмыстық кодексінің 242-бабы Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау" оқушыларға дәріс
28-03-2014 07:01

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына терроризм
актісінің (актілерінің) қатері туындауы немесе жасалуы туралы
ақпаратты жеткізу тәртібі

      5. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпаратты Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтары, басқару пункттері, кезекші және диспетчерлік қызметтері өз құзыретіне сәйкес тұрақты түрде қабылдайды, өңдейді және байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтарына дереу жібереді.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі күзететін адамдарға немесе объектілерге қатысты терроризм актісі жасалу қатерінің туындауы туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар алған ақпарат та Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кезекші қызметіне дереу жіберіледі.
      Қазақстан Республикасының өңірлерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі салдарынан дағдарысты ахуалдар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппараттары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жібереді.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтары террористік қауіптілік деңгейін анықтау мақсатында терроризм актісі қатерінің туындауы туралы келіп түскен ақпаратқа мониторингті, ұлттық мүдделерді қозғауы мүмкін халықаралық дағдарыстар мен шиеленістерді болжамдауды тұрақты негізде жүзеге асырады, террористік қатердің өрістеуі (таралуы, республиканың, басқа мемлекеттердің дағдарысты өңірлері, ақпараттық саладағы осал тұстарды табу) туралы тұрақты бағалаулар жүргізеді.
      7. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпараттың негізінде қоғамдық қауіптіліктің ауқымын және дәрежесін, терроризм актісінің мемлекет аумағына немесе оның жекелеген өңірлеріне тигізетін күтілетін теріс салдарлары мен сипатын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ахуалдық орталықтарының басшылары террористік қауіптілік деңгейі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын дереу хабардар етеді.