Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: m.zhusup.pvl@mail.ru
Адрес: 140000, Ул. Камзина 62/1
+7 (7182) 61‒52‒23
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник - 16.00-18.00 Пятница - 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Хабарландыру
21-04-2014 06:59
Хабарландыру

Мектепішілік «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» атты І Мәшһүр-Жүсіп оқуларының

ЕРЕЖЕСІ

 

Мақсаты: мектеп оқушылары арасында ақын, ғұлама ғалым, этнограф, тарихшы, көріпкел әулие Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдебиетке, өнерге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, орындаушылық шеберліктерін шыңдау және сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу;

 

Сайыстың шарты:

1.     Байқауға 5-9-сынып оқушылары алдын-ала берілген сұраныс бойынша қатысады;

2.     Байқауға қатысатын оқушы жаттаған өлеңдерінің тізімі мен мәтінін папкаға салып, өзімен бірге ала келуі тиіс;

3.     Жаттаған өлеңдер саны 10-15-тен кем болмауы тиіс (әр өлеңнен кем дегенде 5 шумақ);

4.     Сайысқа қатысушылар аты-жөні, сыныбы жазылған бэйджикпен келуі тиіс;

5.     Қатысушылардан сұрау тәртібі сайыс алдында белгіленетін нөмір бойынша жүргізіледі.

 

Сайысқа қойылатын талаптар:

1.     Сайыста оқушылар өздері жаттаған өлеңдерінің мәтіндерін әділ қазы мүшелеріне тапсыруы тиіс;

2.     Жаттаған өлеңінің кез келген жерінен сұраған үзіндіні жалғастырып айтуы керек;

3.     Өлеңді нақышына келтіріп, ұмытпай, мәнерлеп айтуына баса назар аударылады.

 

Сайыстың бөлімдері:

1.     Барлық сайысқа қатысушылардан жаттаған өлеңдерінен толық немесе үзінді сұралып, 2-бөлімге іріктеу жүргізіледі.

2.     2-бөлімнен ең үздік 3 сайыскер ақтық сынға іріктеледі де, ішінен жеңімпаз анықталады.

 

Марапаттау рәсімі:

Бас жүлде – 1 орын (велосипед)

І орын – 1 орын

ІІ орын – 2 орын

ІІІ орын – 2 орын

Сайысқа қатысушылар алған орындарына байланысты мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталады.

 

Өткізілетін мерзімі:

16 сәуір 2014 жыл, сағ.: 13.00-де (мәжіліс залы)

ІІ кезең мамыр айында