Мектепішілік «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» атты І Мәшһүр-Жүсіп оқуларының
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: мектеп оқушылары арасында ақын, ғұлама ғалым, этнограф, тарихшы, көріпкел әулие Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдебиетке, өнерге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, орындаушылық шеберліктерін шыңдау және сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу;
Сайыстың шарты:
1. Байқауға 5-9-сынып оқушылары алдын-ала берілген сұраныс бойынша қатысады;
2. Байқауға қатысатын оқушы жаттаған өлеңдерінің тізімі мен мәтінін папкаға салып, өзімен бірге ала келуі тиіс;
3. Жаттаған өлеңдер саны 10-15-тен кем болмауы тиіс (әр өлеңнен кем дегенде 5 шумақ);
4. Сайысқа қатысушылар аты-жөні, сыныбы жазылған бэйджикпен келуі тиіс;
5. Қатысушылардан сұрау тәртібі сайыс алдында белгіленетін нөмір бойынша жүргізіледі.
Сайысқа қойылатын талаптар:
1. Сайыста оқушылар өздері жаттаған өлеңдерінің мәтіндерін әділ қазы мүшелеріне тапсыруы тиіс;
2. Жаттаған өлеңінің кез келген жерінен сұраған үзіндіні жалғастырып айтуы керек;
3. Өлеңді нақышына келтіріп, ұмытпай, мәнерлеп айтуына баса назар аударылады.
Сайыстың бөлімдері:
1. Барлық сайысқа қатысушылардан жаттаған өлеңдерінен толық немесе үзінді сұралып, 2-бөлімге іріктеу жүргізіледі.
2. 2-бөлімнен ең үздік 3 сайыскер ақтық сынға іріктеледі де, ішінен жеңімпаз анықталады.
Марапаттау рәсімі:
Бас жүлде – 1 орын (велосипед)
І орын – 1 орын
ІІ орын – 2 орын
ІІІ орын – 2 орын
Сайысқа қатысушылар алған орындарына байланысты мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталады.
Өткізілетін мерзімі:
І кезең 16 сәуір 2014 жыл, сағ.: 13.00-де (мәжіліс залы)
ІІ кезең мамыр айында