Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тазалық – денсаулық кепілі, денсаулық – зор байлық»
12-12-2014 15:32
«Тазалық – денсаулық кепілі, денсаулық – зор байлық»
№ 19 жалпы орта білім беру мектебінде 9 сынып оқушылары үшін «Денің сау болсын десең –денсаулығыңды түзе» тренинг - ойынын өткізді.
Мақсаты: балалар арасында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Алдымен, балалармен «Тазалық – денсаулық кепілі, денсаулық – зор байлық» деген қазақ халқының мақалы талқыланды. Балалар мақалды талқылай отырып, денсаулық адамға дүниеге келген кезден бастап беріледі, денсаулықты ешкім де сатып ала алмайды, сондықтан әркім өзінің денсаулығын өзі күтіп, иммунитетін нығайтып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтауы керек деген бір пікірге келді.
Содан соң, балалар тақтаға суреті салынған түймедақтың жүрекшесіне салауатты өмір салтын бейнеледі, ал, әрбір жапырағына салауатты өмір салты дағдыларын (дұрыс күн тәртібін, нәрлі тағамдану, таңертеңгі жаттығу жасау) жазды.  Оқушылар өздерінің жас шамасына байланысты топқа арналған дұрыс тамақтану мәзіріне ерекше көңіл бөлді.
Іс – шараның соңында балалар үш топқа бөлініп, әрқайсысы салауатты өмір салтын қолдау үшін өз таңдауларын көрсете отырып, жапырақшаларды толтырды.
Балалар пікірлерімен бөлісіп, тақырыпты талқыға салып, бір қорытынды шығарды. Осындай іс – шараның өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тәрбиесіне беретін пайдасы зор деуге болады.