Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Зик вирусі туралы ақпарат
06-04-2016 03:11

Зика вирусы туралы ақпарат(белгілері, берілу жолдары, диагностикасы, профилактикалау, емделуі)

Зика вирусының қоздырғыштары-бұл, тасымалдаушы Aedes масасының тобы. -Зика вирусымен ауыратын адамдарда, безгек, тері бөртпелері (экзантема) және көз қарығуы болады. Бұл белгілер 2-7 күн сақталады. - Осы уақытта өзіне тән емдеу және вакцина жоқ. -Масалардың шағуынан қорғану –ең тиімді профилактика болып табылады. -Бұл вирус Африкада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Азияда және Тынық мұхиты өңірлерілерінде кездеседі. Зика вирусы 1947 жылы анықталды. Алғаш рет ол Уганда еліндегі Зика орманында өмір сүретін макакадан табылған. . Сонан соң 1952 жылы бұл вирус Уганда және Танзания Біріккен Республикасының тұрғындарынан анықталған. Сонымен қатар Зика вирусы Африкада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Азияда және Тынық мұхиты өңірлерілерінде анықталған. Түрі:флавивирустар Тасымалдаушы: Aedes масасы (олар таңертең, кешке қарай және түнде шағады) Нышандары мен белгілері Зика вирусымен шақырылған аурудың инкубациялық кезеңі, белгісіз бірақ бірнеше тәулікке созылады. Бұл аурудың белгілері басқа арбовирустық инфекцияларға ұқсас, олар Денге безгегі-бұл дене қызуының көтерілуі, терінің бөртуі, көз қарығуы, бұлшық еттер мен буындардың ауыруы, сырқаттану және бас ауыру. Бұл белгілер әлсіз білінеді және 2-7 күнге дейін сақталады. 2013 жылы Француздық Полинезияда және 2015 жылы Бразилияда ұлттық денсаулық сақтау органдары Зика вирусының асқынуынан болатын аурулардың неврологиялық және аутоиммундық мүмкіндігі туралы хабарлады.Жуырда Бразилияның жергілікті органдары және солтүстік-шығыста Зика вирусымен ауыратындардың санының көбейгендігі туралы айтты, ондай жағдайлар жаңа туылған нәрестелердің арасында микроэнцефалиялармен туылғандар анықталған. Бұл Зика вирусымен айналысатын органдар аурудың едәуір өскендігін анықтап айтып отыр. Сонымен қатар, Зика вирусын жұқтырғандар нәрестелер мен микроэнцефалия арасындағы байланысты анықтау үшін әрі қарай зерттеу жүргізу керек. Инфекцияның таралуы Зика вирусының қоздырғыштары-бұл,тасымалдаушы Aedes aegpti масасының түрлері олар тропикалық өңірлерде өмір сүреді . Бұл масалар Денге безгегін және сары безгекті таратушылар. Зика вирусымен таратылған бұл аурулар алғашқы рет 2007 және 2013 жылдары Тынық мұхиты өңірлерінен таралған (Яп және Француздық Полинезиямен сәйкес аралдар), сонымен қатар 2015 жылы Америкадан (Бразилия, Колумбия) және Африка (Кабо-Верде).Солтүстік және Оңтүстік Африканың 13 елінде Зика вирусын жұтырғандар жеке жағдайлар тіркелген және ол тез тарайды екен. Диагностикалау Зика вирусын диагностикалау үшін ПТР (полимеразалық тізбекті реакция) әдісін қолданады және қан үлгілерінен вирустың сары суын алу. Серологиялық диагностика қиындау болады, осы аталған вирус басқа флавирустарға яғни Денге безгегі, Батыс Нилдің және сары безгеккке айқас реакция болуы мүмкін. Профилактикасы Зика вирусын жұқтырмау үшін маса-тасымалдаушылары мен олардың көбейетін орындардан аулақ болу керек. Бұл аурудың санын азайту үшін масалардың көбею ошағына профилактика және бақылау жүргізу керек (көбейетін орындарын және өзгерту жою керек) және масалар мен адамдардың мүмкіндігін төмендету. Бұл үшін денені толығымен жауып тұратын киім кию керек (мүмкіндігінше ашық түсті), физикалық бөгеулер және есік -терезелерге қауіпсіздік үшін торлар қолдану. Сонымен қатар, маса көбейетін орындарды босату, тазалау және су құйылып кетуі мүмкін ыдыстардың бетін жабу керек. Әсіресе өзін қорғай алмайтын балаларға, науқас адамдарға және адамдарға ерекше көңіл бөлу керек. Ауру тарау кезінде денсаулық сақтау органдары жәндік жойғыштарды шашуға нұсқау беруі мүмкін. Үлкен су қоймаларын өңдеу үшінДДҰ-ның ұсынған кестесімен ларвицидтермен жәндік жойғыштарды қолдауға болады. Туристер масаның шағуынан қорғану үшін жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Емделуі Зика вирусы ауруы тез өтеді және жұқпа емдеуді қажет етпейді.Зика вирусын жұқтырған адамдар безгекті және ауруды шығару үшін көп демалуды қажет етеді, сұйықтықты және дағдылы дәрі -дәрмектерді қабылдауы керек. Белгілер күшейген жағдайда жедел түрде медициналық көмеке жүгіну қажет. Осы уақытқа дейін бұл ауруға қарсы вакцина жоқ.