Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.
Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылудамыз. Өсіп келе жатқан бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Осыған орай 2 «б» сынып оқушылары Әмір Әбдүләзіз, Ертіс Мөлдір, Тельман Толғанай 12 жылдық білім беру бағдарламасы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіріп жеткізуге тырысты.