Химия апталығы 20 лицей-мектебінде бастарды
Пәндік апталықтың мақсаты - танымдық белсенділікті қалыптастыру, зияткерлік қабілеттерін дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Аптаның ашылуы «Химиялық жаңалықтар тарихынан» викторинасымен өтті. Балаларға химия саласындағы тарихи ақпараттар мен ұлы жаңалықтар туралы сұрақтар қойылды Викториналық сұрақтар мектеп курсынан шығып, эрудицияны қалыптастыруға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді.
Лицей оқушылары іс-шараға үлкен қызығушылықпен қатысты. Химия апталығының бірінші күні ерекшеленгендер: І орынға ие болған К.Проскуряков, 10 А сынып оқушысы, II орында-Б.Қайыр, 11 Б сынып оқушысы, III орынды 9 Б сынып оқушысы Абитова К. және 10 Б сынып оқушысы Д. Қасаинова бөлісті.