Қола «Елбасы медалінің» иегері №20 лицей-мектебінің 11 Б сынып оқушысы Бегембет Тамерлан атанды.

«Елбасы медалі» – ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Оған қатысу арқылы жастар өз уақытын дұрыс пайдалана білуге, мақсат қойып, оған жетуге, салауатты өмір салтын ұстануға және өзін үнемі дамытып отыруға үйренеді.
Қола «Елбасы медалінің» иегері №20 лицей-мектебінің 11 Б сынып оқушысы Бегембет Тамерлан атанды.
Тамерлан алты айға созылған бағдарламаның барлық кезеңдерінен лайықты түрде өтті. Жеңіске жету жолында уақытты тиімді өткізіп: спортпен айналысып, өзін-өзі дамытып және жетілдірді, жаяу саяхаттарға қатысып, көптеген қызықты кітаптарды оқып, қызықты адамдармен кездесті.
Біз Тамерланды мақтан тұтамыз және оны лайықты марапатымен құттықтаймыз, жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!