Жазғы демалыс кезінде № 20 лицей- мектебінің оқушылары уақыттарын пайдалы өткізеді. 10Б сынып оқушысы Абитова Камиля домбыра күніне арналған "Дала әуендері" байқауына қатысты.

Байқаудың ұйымдастырушылары-Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі.
Байқау Жас суретшілер арасында шығармашылық әлеуетті дамыту, ұлттық өнерге, танымал қазақ аспабы домбыраға деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.
Байқау шарты бойынша қатысушылар қазақ халқының әдеби, музыкалық шығармаларында ұсынылған домбыра бейнеленген сюжеттерді, композицияларды салу керек болды.
Камиля белгілі қазақ композиторы, домбырада күй орындаушы Дина Нұрпейісованы бейнелеп, жүлделі 2 орынға ие болды. Айтпақшы, бұл Камиляның алғашқы жетістігі емес: қыз бірнеше рет бейнелеу өнерінің шығармашылық конкурстарының жүлдегері болған, көптеген жылдар бойы өнер мектебінде айналысып, сурет салуға құмар болған.
Камиляны құттықтаймыз! Шабытты шығармашылық, жаңа биіктерге жетуді тілейміз!