«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясында мектеп психологі Баильдинова Д.С. 7 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер ортасында буллингті алдын алу» тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. ✒️Мақсаты: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаға э
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясында мектеп психологі Баильдинова Д.С. 7 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер ортасында буллингті алдын алу» тақырыбында тренинг-сабақ өткізді.
✒️Мақсаты: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаға эмпатия мен тәжірибе сезімін тәрбиелеу; қиын жағдайдан шығу жолдарын іздеу қабілетін дамыту; жауапты және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; мектеп ортасында зорлық-зомбылықтың алдын алу.
✒️Тренинг-сабақ «Мен бұл дүниеге сыйлық болып келдім, өйткені…» сәлемдесу жаттығуынан басталып, оқушылар өздерін таныстырды.
«Ақиқат немесе жалған» жаттығу барысында балалар зорлық-зомбылық, буллинг туралы фактілерді тыңдап, ненің ақиқат, ненің жалған екені туралы өз ойларын білдірді.
✒️Ең соңында өздерінің жақсы қасиеттерін сурет ағашқа жазып, сыныппен бөлісті. Осындай іс-шаралар қауіпсіз психологиялық кеңістік құруға мүмкіндік береді.