Мектебімізде оқушылар арасында «Ақындар айтысы» өткізілді. Мақсаты - қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне

Мектебімізде оқушылар арасында «Ақындар айтысы» өткізілді. Мақсаты - қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау.
Айтысқа 3 жұп қатысты: Сейсембаева Жасмин -Рақымбек Бауыржан 6 «Б»;
Омар Дінмұхамед 4 «В» -Смаилов Рамазан 6 «Б»;
Қаир Айзере 4 «В» - Әбіл Әмір 4 «В».
Қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.