Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Дөңгелек үстел
11-04-2025 14:51
Дөңгелек үстел

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру мазмұнын жаңарту, сондай-ақ авторлық бағдарламалар жасау тәжірибесімен бөлісу мақсатында Жомартова К.С. және Шабажанова Д.К. ұйымдастыруымен «Авторлық бағдарламаның жасалу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Шара барысында мұғалімдер авторлық бағдарламаның құрылымы, мазмұндық ерекшеліктері, педагогикалық талаптары мен әдістемелік негіздері жайлы мағлұмат алды. Қатысушылар өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, бағдарламаны құрастырудағы негізгі қиындықтар мен оны шешу жолдарын талқылады.Дөңгелек үстелде мұғалімдер білім беру үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, тиімді оқу бағдарламасын әзірлеу мәселелерін ортаға салды. Жиын нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған авторлық бағдарламалар жасауға деген қызығушылық артып, тың идеялар мен ұсыныстар айтылды.
Іс-шара шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерге тың серпін беріп, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.