Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
25-05-2026 09:13
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Бүгін мектебімізде ерекше толқынысты әрі қуанышты күн. Алтын ұя мектебінің қабырғасынан үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған түлектеріміз үшін соңғы қоңырау соғылды. Биыл мектебімізді 26 жас түлек бітіріп шықты.
Бұл 26 оқушы — мектебіміздің мақтанышы, үміті мен болашағы. Олар 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап, бүгін қияға қанат қаққан қырандардай үлкен өмір сапарына аттанғалы тұр.
Құрметті түлектер! Алда үлкен сын — ҰБТ және мамандық таңдау кезеңі тұр. Қадамдарыңа нұр жаусын! Еліміздің тұтқасын ұстар білікті де білімді азамат болыңыздар. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын!
Ақ жол, жас түлек!