"Өрт сөндіру бөліміне саяхат күні"
10 маусым бейінді лагерьде “Өрт сөндіру бөліміне саяхат күні” болды. Оқушылар “Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авиациялық-құтқару жұмыстары қызметі (Павлодар қаласы)“ мемлекеттік мекемесінің #3 өрт сөндіру бөліміне барды. Мақсаты: өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылық пен құрметті ояту, балалармен өрт кезіндегі әрекеттер және өрттің алдын алу жолдары туралы профилактикалық әңгіме жүргізу.
