Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Тамыз кеңесіне қатысып, тәжірибесімен бөлісті
26-08-2026 09:20
Тамыз кеңесіне қатысып, тәжірибесімен бөлісті

Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен маңызды іс-шараның жаңалығымен бөлісуге асықпыз!
Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қалижан Жалғас Жастілекұлы биылғы дәстүрлі педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесіне қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Алқалы жиынның басты тақырыбы өте ауқымды әрі маңызды болды: «ЖАҢА ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ».
Біздің әріптесіміздің баяндамасы заманауи білім беру трендтері мен жаңа технологияларға арналды. Нақтырақ айтсақ, ол «NotebookLM сервисі арқылы сабаққа дайындалу үдерісін автоматтандыру және оңтайландыру» тақырыбында сөз қозғады. Жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу арқылы ұстаздардың уақытын үнемдеп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттыру жолдары кеңінен талқыланды. 
Айтулы іс-шара жоғары деңгейде Павлодар қ. №48 ЖОББМ қабырғасында өтті.
Біздің мектеп ұжымы әрқашан жаңашылдыққа ұмтылып, сапалы білім беру жолында ізденісін тоқтатпайды! Алдағы жаңа оқу жылы баршамыз үшін табысты әрі берекелі болсын!