МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ — ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде мектебіміздің 9–11-сынып оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
ІІ орын иегерлері:
Қуанышқұл Аружан, Шәкім Аяна — «Химия. Қоршаған орта химиясы» секциясы. Жет. Кабдулбариева Д.А.
Адилова Дильжан — «Тіл білімі (ағылшын тілі)» секциясы. Жет. Магжанова А.О.
ІІІ орын иегерлері:
Бүркіт Мирас, Мажитов Нурали — «Математика. Қолданбалы математика» секциясы. Жет. Кабулова Ж.С.
Зейнелқабиден Еркебұлан — «Тарих. Адам және қоғам» секциясы. Жет. Есенғали Д.Қ.
Жұмабек Ерәли — «Дүниежүзілік мәдени мұра. Түркітілдес елдер мен қазақ» секциясы. Жет.Каламова А.М.
Амантай Дәрия — «Тіл білімі (ағылшын тілі)» секциясы. Жет.Жуманова Н.К.
Ахметбекова Сабина, Ағыбай Мадияр — «Тарих. Адам және қоғам» секциясы. Жет. Ахметбекова А.С.
Есельбаев Амаль — «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Есептеу» секциясы. Жет. Жумабекова М.О.
Командалық жеңіс!
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша мектебіміз жоғары нәтижелері үшін «Ең үздік команда» номинациясында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды!
Бұл жетістік — оқушыларымыздың ізденісі мен табандылығының, ұстаздарымыздың еңбегі мен қолдауының жемісі. Әрбір жеңістің артында үлкен еңбек, білімге деген құштарлық және алға қойған мақсатқа деген сенім бар!
Барлық жүлдегер оқушыларымызды және олардың жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
Жеңістеріңіз көп болсын! Мектебіміздің мерейі үстем бола берсін!








