ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІС!
7–8-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті:
Химия пәні бойынша:
8 «А» сынып оқушысы Жұмажан Малика – І орын.
Пән мұғалімі – Кабдулбариева Дана Алмасовна.
Математика пәні бойынша:
8 «А» сынып оқушысы Өмірзақов Санжар – ІІІ орын.
Пән мұғалімі – Шоманова Гүлнар Найманхановна.
Физика пәні бойынша:
7 «А» сынып оқушысы Сейлхан Аружан – ІІІ орын;
8 «А» сынып оқушысы Жұманбай Айару – ІІІ орын.
Пән мұғалімі – Қалижан Жалғас Жастілекұлы.
Биология пәні бойынша:
8 «А» сынып оқушысы Асылханова Салима – ІІІ орын.
Пән мұғалімі – Абжатова Гульдана Кинаятовна.
Жас дарындарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім мен ізденіс жолындағы еңбектеріне табыс, ал ұстаздарына шәкірттерінің жетістіктері мен шығармашылық шабыт тілейміз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!





