"Жобалап оқыту технологиясы" тақырыбындағы семинар
2012 жылдың 5 қантар күні №20 лицей-мектебінің мұғалімдері үшін "Жобалап оқыту технологиясы" тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: инновациялық білім беру үрдісінің мәселелерін талқылау; ИнЕУ мен №20 лицей-мектебі арасындағы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мен қарым-қатынасты дамыту жолдарын анықтау; №20 лицей-мектебінің оқу үрдісіне жобалап оқыту технологиясын енгізу.Семинарды Педагогика және психология кафедрасының доценті В.Х.Адилова өткізді.