Ата – аналар жиналысы
№20 лицей- мектебінде 8-11 сынып аралығында ата – аналар жиналысы болып өтті. Лицей әкімшілігі ата –аналарды білім мекемесінің Концепциясының кейбір жағдайларымен таныстырды. Өз кезегінде сынып жетекшілері мектеп Жарғысымен таныстырып, жасөспірімдердің қылмыстық іс бойынша құқық бұзушылықтың алдын- алу туралы сөз қозғады және ыстық тағаммен қамтамасыз ету, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларын тегін тамақтану туралы айтылды. Мектеп медбикесі ОРВИ мен тұмаудың және жүрек- қантамырлары ауруының алдын- алу туралы мағлұмат берді.