Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ұлың өсіп ер жетті, қызың бой жетт» атты сынып сағаты
20-02-2013 10:49
«Ұлың өсіп ер жетті, қызың бой жетт» атты  сынып сағаты

 

            2013 жылдың ақпан айының 20-шы  жұлдызында №20 лицей-мектебінің 9-шы «Қ» сынып оқушыларының тәрбиелік мәні тереңге біткен, берер өнегесі зор  «Ұлың өсіп ер жетті, қызың өсіп бой жетті» атты сынып сағатын өткіздік.

        Сабағымыздың басты мақсаты – ата-аналар мен сынып жетекшісінің және оқушылардың арасында тығыз байланысты қалыптастыру, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін дамыту, ата-ана мен баланың өзара сыйымдылығын арттыру, баланы ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру. Кішігірім іс-шарамызға мектеп әкімшілігі мен сыныптың белсенді ата-аналары да қатысты. Тәрбие сағатына дайындалу барысында ата-аналарға бірнеше тақырыптар бойынша ой қозғау мақсатында сауалдар тапсырылды. Сонымен қатар  «Кемшілік кімнен?» атты толғандырарлық шағын көрініс қойылып, жалғыз көзді ананың шексіз махаббаты жайлы аңыз тыңдадық. Тұла-бойымыз тебіреніп, тамырымыз тулап, ананың мейірімге толы ыстық махаббаты мен әкенің қара күшін қастерлеп-сыйлау – біздің ата-ана алдындағы перзенттік борышымыз екенін тереңнен түсіндік. Осындай керемет сынып сағатын ұйымдастырған аяулы да жанашыр ұстазымыз Нұралина Зейнеп Егімбайқызына адамгершілік қасиеттерімізді арттырып, мектеп қабырғасында өз балаларына жауапкершілікпен қарап, екінші ана рөлін шынайы атқарып келе жатқанына шын жүректен мың алғыс!