ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
№20 лицей- мектебінде 4 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс- шара аталып өтті. Күн мемлекеттік әнұранның салтанатты орындалуымен және Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің маңызы мен тарихы туралы лекторлық лездемемен басталды. «Патриот» құқықтық отрядының балалары бірінші сабақта «ҚР Мемлекеттік рәміздері» атты документальдық фильмкөрді. Жұмыс күні 8 сынып оқушыларының қатысуымен болған викториналық ойынымен аяқталды. Викториналық ойында мемлекеттік рәміздер туралы үздік білім көрсеткен «Ұландар» тобы жеңіске жетті.