Бүгінгі күні жастар спорт саласында өз арнаулы бағытын таңдап,соған бар уақытын, күшін салады. Біздің ойымызша, сонша не үшін-деп сұрақ қоямыз, бұл сұрақты 11-ші сынып оқушысы Анара Суюндуковаға қойдық. Ол: « мен бала шағымнан спортпен шұғылданып,ерекше бала болдым. 7-8 жасымда карате секциясына құмарланып, анамның қарсылығына карамай өз мақсатымды орындадым. Содан 10жыл өтті. Осы мерзімде жарты Қазақстанда болдым, 3мәрте республика чемпионы атандым, КМС атағын алып, бірден қара белбеу,12-ші халықаралық « СИБИРЬ-АЗИЯ» турнирының чемпионы атағына ие болдым.» Қазір мен өз жаттығуларымен бірге, жаттығу тобын аштым, өз білгенімді, үйренгенімді балаларға арнаймын.
Келешектегі мақсатым- 2014 жылда, Астана қаласында болатын, әлем чемпионатында жеңіске жету, сондықтан бар күш-жігерімді дайындыққа саламын.