Сұхбат алаңы: «Тілдер аясындағы мемлекеттік саясат»
12 сәуір, 11.30-де, ИнЕУ-дің мәжіліс залында «Тілдер аясындағы мемлекеттік саясат» тақырыбында сұхбат алаңы өтті.
Бас спикер - Павлодар облысы әкімінің орынбасары, профессор А.А. Орсариев.
Модератор – филология ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Бейсембаев.
Сұхбат алаңы бағдарламасында төмендегідей мәселелер қаралады:
- Қазақстан Республикасының тілдік саясатының тиімділігі;
- мемлекеттің оңтайлы тілдік кеңістігін құру мақсатында аймақтағы тілдік құрылыстың ерекшелігі;
- көптілді тұлғаны қалыптастырудың стратегиясы мен тактикасы;
- полиэтникалық ортадағы тілдердің қызметтік арақатынасын анықтау.
ЖОО-ның жетекші мамандары, оқытушылары мен магистранттары, № 9,20 мектеп директорлары сұхбат алаңына қатысты.