«Өзін – өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы.
2017 жылғы 02-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы өтті.
Декаданың мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу, өзін-өзі тану мамандығы оқушылардың мамандық пен жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту.
Онкүндік декада аясында түрлі шаралар өткізілетін болады. Жалпы мектепішілік «Жақсылық – жан жадыратады» атты сынып сағаттар жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларға жұлдыздар таратылды, әр бір оқушылар жұлдыздарды алақандарына салып көздерін жұмып оларды қуантатын сәттер туралы ойланды. Оқушыларға жақсылық жайлы бейне фильм көрсетіліді, кейін олар «Жақсылық деген бұл?», «Жақсы адам қандай болу керек?» деген сұрақтар бойынша өз ойларын, қөзқарастарын айтты.
Декада барысында «Жүректен - жүрекке» атты камкорлық акциясы ұйымдастырылды. Оқушыларды қайырымдылық іс жасауға назар аударту, адамгерщілік, жақсылық, сыйластық қасиеттерін дамыту.
Сонымен қатар балалар үйіне қайырымдылық кеш өткізу де жоспарлануда. Апталықтың жабылуы мен марапаттау рәсімі жұма күні өтеді. Апталықтың ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен аяқталды.