Түлектер кеші - қуанышты мереке, себебі бұл кеш мәңгілік есте қалатын сәт. Сенің артында мектептегі балалық шақ , мектептің жасаған ойын-сауықтар, шулы үзілістер, оқымай келген сабақтар бәрі де артта қалды. Ал алда үлкен өмірдің қызықты да қиын баспалдақтары, жаңа жетістіктер сені күтіп тұр. Бірнеше жыл бойы қалыптасып кеткен дәстүр бойынша № 20 лицей-мектебіндегі түлектер кеші салтанатты бөлімнен басталды. Акт залында түлектер, ұстаздар және ата-аналар жиналды. Құттықтау сөзін мектеп директоры Г.Т.Топанова бастады. Бұл кеште 57 түлектердің бәрі жалпы орта білім аттестаты табыс етілді . Содан кейін тілек сөздерімен түлектерді оқытқан ұстаздар, қонақтар, ата-аналар өздерінің лебіздерін білдірді. Өздерін алғыстарын мектеп түлектері де мектепке, ұстаздарға жылы сөздерін, тілектерін айтты .Жылдағыдай түлектерге арналған қаланың орталық стадионында қызықты шоу мен керемет салют шашу көрінісімен тамашаладық.