20 маусым күні 2016 жылы «Балдаурен» профильдік лагерде 10 сынып оқушылар арасында Не? Қашан? Қайда?интеллектуалды викторинаға ұйымдастырылды.
Викторинаның мақсаты: оқушылардың англотілдік елдердің дәстүріне қызығушылығын дамыту.
Викторинаның міндеттері: оқушылардың бойында англотілдік елдердегі дәстүрлерін жүйелеу, тарату және кеңейту, сонымен қатар оңтайлы оқуға қарым - қатынасты қалыптастыру, зейінді дамыту, логикалық ой - өрісін талдау дағдыларын синтездеу. Викторинаның белсенді қатысушылары капитан басшысы Казиманова Мерей, Жексенова Асемгүл, Алыбаев Азамат және Хисамитова Айгерім болды. Қалғандары клубтың білгір мүшелері ретінде қатысты. Оқушылар қызығушылықпен ұсынылған сұрақтарға жауап беріп отырды. Қиындық туғызған сұрақ - ол 7 сұрақ болды. Ресейдің солтүстік астанасын Марк Твеннің «Том Сойердің шытырман оқиғалары» атты кітабымен қандай байланысы бар деген сұрақ қиынға түсті. Көмекке клубтың мүшелері қолұшын берді. Бұл тапсырмалар оқушының елдерді тану мен дағдысының лексикалық мағынасын бақылауға мүмкіндік береді.
Не? Қашан? Қайда? интеллектуалды викторина лицейстердің көмегімен жақсы деңгейде өтті деуге болады.