«Полиглот» Ойыны
Павлодар қаласындағы №20 лицей-мектебі аясында құрылған жазғы бейінді «Балдәурен» лагерінде 2016 жылдың 20 маусымында «Полиглот» атты сайыс өткізілді. Оқушылар қазақша, орысша, ағылшынша сөйлеу дағдыларын көрсетті.
Ойын келесі кезеңдерден тұрды:
- «Ой толғау»
- «Мақал – мәтелді үш тілде айту»
- «Кейіпкерді табу»
- «Сөз құрастыру»
- «Даңқ аллеясы»
Ойын шығармашылық білік пен білімдерін қалыптастырып, ауызша тілдерін дамыту мақсатын көздеді.
Жеңімпаз 8К сынып оқушылары атанды.