Бүгін № 20 лицей – мектебінің оқушысы Айдана Курашева Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған қалалық «Балалар сәні» конкурс - фестиваліне қатысты. Біз жасаған ерекше көйлектің атауы «Кербез». Ол әсем, нәзік, тамаша деген мағынаны білдіреді. Көйлектің жоғарғы жағы полиэтилен пакетінен жасалды, алдыңғы жағы осы жазғы кезеңде өзекті кызыл, сары түсті көбелектермен безендірілген. Ал көйлектің астыңғы жағы ақ түсті бір ұсталым стакандардан жасалды. Киім – кешек толық болу үшін, біз бір ұсталым тарелканы қолданып бас киім жасадық.
Бұл көйлекті шығармашылық кештерге, әр түрлі мерекелерге киюге болады. Көйлек тұлғаның жеке ерекшелігін, сұлулығын айқын көрсетеді.Конкурс арқылы оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, өздерінің шеберлігін көрсетті.