Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Лицей ханшайымы - 2016»
09-03-2016 02:30
«Лицей ханшайымы - 2016»

4 наурыз күні №20 лицей-мектеп қабырғасында «Лицей ханшайымы - 2016» халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шаралардың бірі орын алды. Мақсаты мектеп жасынан бастап әсемдікке, нәзіктікке баулу, өнерлік қабілеттерін ашу, интеллектуалдық ой өрісін дамыту. Сайыста сыныптар ұсынған 7 қатысушылар, олар: Гафарова Виктория, Садыкова Асия, Сулейменова Томирис, Темирбулатова Салима, Толыбаева Венера,Тулепбергенова Саяуль, Яценко Богдана өз ара сайысқа түсіп, бойындағы өнерлерін көрсете алды. Әділ қазылар құрамында лицей-мектеп директорының орынбасары оқу ісінің меңгерушісі Сулейман Р.Т.,тәрбие жөніндегі жұмысының орынбасары Смакова М.Р., жастарды дамыту орталық бөлімінің басшысы Д.Б. Шуренов және «2015 Павлодар қаласының ханшайымы » жеңімпазы № 20 лицей-мектебінің 11А сынып оқушысы Шарикова София болды. Сайыс үш бөлімінен тұрды. Қатысушылар өздерінің сахнада ұстау, бойындағы өнерін, музыкалық көркемдігін, ұтымды сұраққа жауап беру бойынша бағаланды. Әр сайыстың жеңімпазы болады дегендей «Лицей ханшайымы - 2016» атағын алуға 11 сынып оқушысы Сулейменова Томирис лайық болды. Сайысты тамашалаған көремендер уақыттарын жақсы өткізіп жақсы әсер алды деп сенеміз!