№20 лицей-мектебінде 2016 жылдың екісінен он екінші ақпаны аралығында «Махаббат және шығармашылық педагогика» атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өтті.
Онкүндік барысында барлық сыныптарда сынып сағаттары, шығармашылық, өздігінен өлең шығару сайыстары, тренингтер, ашық сабақтар өткізілді.
Бірнеше тілде арнайы сәлемдесу күні ұйымдастырылды. 8 К, 10К,11Б, 11К сынып оқушылары ерекше тіл өнері қабілеттерін көрсетті.
«Рахмет, ана!» атты шығарма сайысының озаттары Маусумбаева Дилара, Жұмабек Анель, Киреева Айнур, Сұлтанғалиева Сабина және Яценко Богдана.
«Анама құрмет» тақырыбына өздігінен өлең шығарып, 8Қ сынып оқушысы Молгоздаров Кельден, қатысушылардың ерекше сезімін оятты. Қорытынды шарада жеңімпаздар мақтау грамоталары және тәтті сыйлықтармен марапатталды.