Бүгін № 20 лицей – мектебінде «Өзін – өзі тану» апталығының басталуына орай мектеп психологі 8 сынып оқушыларына «Жақсылық жан жадыратады» атты тренинг-сабақ өткізді. Тренинг-сабақтың мақсаты оқушыларда жақсылық, сыйластық махаббат деген рухани қасиеттерді дамыту. Оқушыларға көңілдің тазалығы арқылы риясыз сүйіспеншіліктің мәнің ұғындыру. Тренинг барысында оқушыларға жұлдыздар таратылды, әр бір оқушылар жұлдыздарды алақандарына салып көздерін жұмып оларды қуантатын сәттер туралы ойланды. Оқушыларға жақсылық жайлы бейне фильм көрсетіліді, кейін олар «Жақсылық деген бұл?», «Жақсы адам қандай болу керек?» деген сұрақтар бойынша өз ойларын, қөзқарастарын айтты. Топтар бойынша жұмыс істеп әр топ «Жақсылық», «Махаббат», «Бақыт» деген тақырыпқа плакаттарға сурет салып, қорғады. Сабақтың соңында оқушылар жұлдыздарға тілектер жазып бір – біріне сыйлады. Жалпы тренинг қызықты және көңілді өтті, оқушылар белсенді қатысты.
Тренинг-сабақ «Жақсылық жан жадыратады»