Біз Жаңа жылды қарсы аламыз!

2015 жылдың 28 желтоқсан күні № 20 лицей-мектебінде жаңа жылдық мереке « Оскар – 2015» марапаттау түрінде өткізілді. Үздік Жаңа жылдық көрсетілім көрсеткен сыныптар сыйлықтармен марапатталды. Қызыл жолда 11 А, 11 Б, 11 К, 8 А сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік шараның соңында ұпай санын санай отырып король мен королеваны таңдады. Бұл атаққа ие болғандар 11 К сынып оқушысы Сұлтанов Диас пен 11 А сынып оқушысы Сүлейменова Томирис.