Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бухар Жырау мұражайына саяхат.
10-06-2015 06:43
Бухар Жырау мұражайына саяхат.
2015-ші жылдың 8-ші маусым күні «Балдаурен» бейінді лагерінің оқушылары Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайына барды. Мұражай әдемі ағашпен қашалған үйде орналасқан. Бұл үй құрылысы 1897 жылы салынған. Тарих және сәулет өнерінің ескерткіші болып есептеледі. Мұражайдың қоры үлкен, үш залы бар. Олардың іші бағалы экспонаттарға бай: репрессияға ұшыраған жазушы – драматург Жүсіпбек Аймауытовтың , ақын- айтыскер Иса Байзаковтың, ақын Сәбит Дөнентаевтің, кинорежиссер Шакен Аймановтың жеке заттары және жазушы Всеволод Ивановтың жұмыс кабинеті бөлігінен түрады , Қалмұқан Исабаевтың баспа машинасы, Әміре Қашаубаевтің күйтабағы, Темірболат Арғынбаевтың өлеңдері, Әлкей Марғұланның, Рамазан Тоқтаровтың, Дихан Әбілевтің, Нелли Ваккердің қолжазбалары, Естайдың 23 ноталарының тұпнұсқалары бар .