«Театр күні»

8 ақпан күні біздің лицейдің оқушылары Ж. Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына қонаққа барды. Оқушылар «Ғасыр құдыреті» атты қойылымды тамашалады.Қойылым оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік ұстану, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру , ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеу мақсатын көздеді. Қазіргі уақыттағы ғасыр қасыреті болған нашақорлық лицейліктерді ойландыра түсірді. Қойылымнан жақсы әсер алған оқушылар театрға бару дәстүрін жалғастырады.