Физикалық сайыс «Кім жылдам»
Жаратылыстану-математикалық онкүндігіне байланысты 8 «Б» және 8 «В» сыныптар арасында «Кім жылдам» атты физикалық сайыс өткізілді. Сайыс бірнеше кезеңдерден құрылды. «Ғажайып ұяшық» атты капитандар жарысы да болды. 8 «Б» тобының капитаны Мұрат Мади өз білімін,озғырлығын көрсетіп женіп шықты. Бұл сайыста оқушылар физикалық құбылыстары, физикалық шамаларды,заңдылықтарды түсіндіре білді. Сайыс өте қызықты өтті. 8 «Б» сынып оқушылары жеңімпаз болды.