«Компьютер әлеміне саяхат» информатика пәнінен викторина
Бүгін № 20 лицей-мектебінде информатика пәнінен «Компьютер әлеміне саяхат» атты викторина өткізілді. Викторинаның мақсаты мен міндеттері: АКТ бойынша білімін бекіту, логикалық және математикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың ақпараттық қызығушылық қалыптастыру. Викторинаға 8 А,10 А сынып оқушылары қатысты. Викторина 5 кезеңнен тұрады: «Сергіту», «Информатика тарихынан», «Толық жиынтық» «Көңілді сұрақтар», «Таныс жүздер».Оқушылар заманауи компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың атауын, есептеу техникасының даму тарихындағы фактілерді және информатика ғылымына үлес қосқан ғалымдардың есімдерін естеріне түсірді.Виктарина нәтижесі бойынша 10 A сыныбы І орын жеңімпазы атанса, екінші орынды 8А сынып оқушылары иеленді.