Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Лицейші қатарына қабылдау мерекесі
17-11-2017 15:00
Лицейші  қатарына  қабылдау мерекесі

     Бүгін біздің сегізінші сынып оқушылары үшін шын мәнінде салтанатты күн - лицейші мәртебесіне ие болу күні! Бұл дәстүр біздің лицей-мектебінде 14 жылдан бері оқушылар үшін ең жарқын, қуанышты оқиға.
    «Лицейші» атағын лайықты ұстап жүру үшін серт беріп, 52 оқушы лицейші бауырластығы қатарына енді. Жаңадан келген лицейшілерге сертификаттар тапсырылды. Мектеп директоры Г.Т.Топанова сахнадан лицейшілерге тілек білдіре келе,биылғы лицейшілер – гүлденген Қазақстанның жаңа көшбасшылары екендерін айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар алдында заман талабына сай міндеттер тұр – белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, дамыған зияткерлік, кәсіби сауаттылықтың биік деңгейі,танымдық іс-әрекеттің тұрақты ынталандырылуы, креативтілік.
      Он бірінші сынып оқушылары өздерінің жас достарына білім шыңына көтерілуде табыс, ойлаған мақсаттарының орындалуын, әлеуеттерінің жүзеге асуын, ал ұстаздарға оқушылармен жұмыста күш-қуат пен үлкен жетістіктер тіледі.
Іс-шара үлкен концерттік бағдарламамен аяқталды.