Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Халықты тәрбиелеген ұлттық идея» дөңгелек үстелі
12-12-2017 16:13
Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Халықты тәрбиелеген ұлттық идея» дөңгелек үстелі

     Алаш Орданың 100 жылдығына орай ИнЕУ-де «Халықты тәрбиелеген ұлттық идея» дөңгелек үстелі өтті. «Алаш» қозғалысы - біздің ел үшін дәуір оқиғасы. Оның қызметі, идеялары, бағдарламалары ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың негізін қалады - деді ИнЕУ ректоры Марат Баяндин. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан сөзін келтірді: «Біз Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресетін адамдарды құрметтеп, бағалауымыз керек. «Алаш» қозғалысының қатысушылары патшалық биліктің құлдырауы қазақ халқына көптен күткен еркіндік әкелетініне шын жүректен сенді, бірақ бұл болмады. Адамдар идея үшін өмірлкрін қиды, бірақ олар бізді тәуелсіздікке деген ұмтылысымызды оятты. Біз үшін «Алаш» өнегесі - тарихи-мәдени бірлікті сақтап, келісімді қорғау және нығайту». Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мұрат Сүлейменов «Алаш-Ордадан бастап Қазақстанның тәуелсіздігіне дейін: идеялардың үздіксіздігі» атты баяндамасын ұсынды. Сондай-ақ №20 лицей оқушылары қатысты. Алаш қозғалысының басты идеясы - ұлттық мемлекеттілік. Әлихан Бөкейханов былай деді: «Мемлекеті жоқ халық – жетім, еріксіз адамдар. Тәуелсіздік болашағын ойлайтын халық үшін басты құндылық».