Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мейірімділік – асыл қасиет» тренинг-сабақ
09-02-2018 12:14
«Мейірімділік – асыл қасиет» тренинг-сабақ


   Педагог-психолог «Мейрімділік – асыл қасиет» атты тренинг-сабақ өткізді. Оқушылар арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу. Жақсылық жасай білу, жақсы іс-әрекеттер жасау іскерліктерін дамыту. Мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуға тәрбиелеу.      Оқушыларға көңілдің тазалығы арқылы риясыз сүйіспеншіліктің мәнін ұғындыру.
Тренинг – сабақ сәлемдесуден басталды. Әр адаммен әртүрлі амандасады. Ал оқушылар көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен амандасты. Мейірімділік, жақсылық жайлы бейнефильмдер көрсетіліп, оның мағынасы бойынша талдау жасады.
     Сонымен қатар «Аяқталмаған сөйлем...» атты жаттығу жасады. Яғни оқушылар ақ кағазға «Мен армандаймын...», «Мен сенемін...», «Мен ұмтыламын...» деген сөйлемдерді аяқтап, әрқайсысы кезекпен оқыды.
   Сабақтың соңында «Ағаш тілегі» суретін салып, бір – біріне, сыныптастарына, барша адамзатқа тілектер жазды. Оқушылар тілектерді мектебіне, ұстаздарына арнады. Барлық тілектер шын жүректен, таза ниетпен жазылған. Жалпы тренинг қызықты, көңілді өтті, оқушылар белсенді қатысып, жақсы сезіммен кетті.