4 маусымда "Балдаурен" бейімделу лагерінде "Сокол" және "Biq Fаmily" қатысушылары үшін «Павлодар қаласының Тәуелсіздік даңғылының тарихы» атты викторина өтті. Мақсаты оқушларға "Тәуелсіздік" деген сөздің мағынасын терең түсіну, өз елінің тарихын, өз қаласына деген қызығушылықты арттыру, Қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу. Сабақ барысында "Павлодар қаласының бір көшенің тарихы" презентациясы көрсетілді. Ал "Арман" және "Лидер" топтарының қатысушылары ойын түрінде әр түрлі тапсырмалар орындап, туған қаламыздың тарихы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің тарихы туралы өз біліктіліктерін, білімдерін көрсетті. Сондай-ақ, оқушыларға берілген фотосуреттерге ескерткіштер мен сәулет құрылыстарыдың тарихын айтып беріп, "Тәуелсіздік" сөзіне ментальді карталарды құрды. Бір-бірімен жарыса отырып, оқушалар туған қаласының тарихы жайлы жаңа мәлімет алды.
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ДАҢҒЫЛЫНАН ТАРИХЫ» АТТЫ ВИКТОРИНА