Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үш тілде оқыту туралы 5 - минуттық ақпарат.
11-09-2018 15:27
                                    Үш тілде оқыту туралы  5 - минуттық ақпарат.

         Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінде Тілдер апталығы аясында әр сыныпта үш тілде оқыту 5 - минуттық ақпарат өткізілді. Мақсаты: Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті . Осыны оқушылар бойына дарыту.
         Оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілінде ақпарат берілді.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Сонымен қатар көпұлтты мемлекет болғандықтан әрбір азамат үш тілді де меңгеру керек.
      Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады.
Туған тілден безінген азаматтарды көргенде К. Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс.
Осы мәліметті ала отырып, оқушылар көптеген сұрақтар қойып, білмеген мәліметтер алды. Өздерінің ақпараттық минуттарын оқушылар үш тілде нақыл сөздермен аяқтады.